14 қыр, 2020 сағат 06:00

Өткен тәулікте Қазақстанда 52 адамнан коронавирус анықталды

13 қыркүйек 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша елімізде тағы 52 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 1
Ақмола облысы - 3
Ақтөбе облысы - 2
Алматы облысы - 4
Атырау облысы - 11
Шығыс Қазақстан облысы - 11
Батыс Қазақстан облысы - 6
Қарағанды облысы - 5
Қостанай облысы - 3
Павлодар облысы - 1
Солтүстік Қазақстан облысы - 5

Жалпы ел бойынша дертке шалдыққандар саны - 106855.