29 қар, 2020 сағат 06:30

Өткен тәулікте 826 қазақстандық коронавирус инфекциясын жұқтырды

28 қараша күні Қазақстанда ПТР тестімен расталған коронавирус індетін жұқтырған 826 науқас тіркелді. Бұл туралы Covid инфекциясын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады. Науқастардың төрттен үшін елдің солтүстік және шығыс бөлігіндегі аймақтардың үлесінде.

Covid науқастарының жалпы саны жөнінен санаулы күн бұрын бірінші орынға шыққан Шығыс Қазақстан облысында коронавирусты тағы 145 адамның жұқтырғаны анықталып отыр. Күз басталғалы аймақтар бойынша көш бастап келген бұл облыста 28 қазаннан бастап күнделік анықталатын науқастар үш таңбалы санмен белгіленді. Оған дейін ауруға шалдыққандардың тәулік көрсеткіші 30-дан аспаған.

Павлодар облысында - 120, Солтүстік Қазақстан облысында 105 адам Covid жұқтырғандар қатарына қосылды. Одан кейінгі орындарда: Ақмола облысы (86), Қостанай облысы (85) және Нұр-Сұлтан қаласы (83).

Түркістан облысында 2, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында 1 науқастан тіркелген.

Қалған аймақтардағы жағдай мынадай:

Алматы қаласы – 73
Шымкент қаласы – 6
Алматы облысы – 33
Атырау облысы – 18
Жамбыл облысы – 14
Батыс Қазақстан облысы – 39
Қарағанды облысы – 25

Елде вирус жұқтырғандар барлығы 130 865 адамға жетті. Оның ішінде 116 187 адам аурудан айығып үлгерген. 28 қарашадағы ресми мәлімет бойынша, Covid ауруынан барлығы 2020 адам қайтыс болған.

Есебі 1 тамыздан бері коронавирус пневмониясы 28 қарашаға дейін барлығы 41 940 адам шалдыққан. Оның ішінде 440 адам аурудан айыға алмай қайтыс болған.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 12 651 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Оның арасында 895 бала бар. 

 

Стационарларда 3 392 науқас жатыр. 9 259 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

 

Жалпы науқастардың арасында 214 адамның ахуалы нашар. 

 

Соның ішінде 32 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланған. 

 

32 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.