10 қаң, 2021 сағат 06:00

Өткен тәулікте 780 адамнан коронавирус анықталды

9 қаңтар, сағат 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, Қазақстанда өткен тәулікте 780 адамда коронавирус індеті ПТР-сынама арқылы расталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өңірлер бойынша:

Алматы қаласында - 19517 (+116),
Шығыс Қазақстан облысында - 19256 (+37),
Нұр-Сұлтан қаласында -19213 (+54),
Атырау облысында - 14319 (+54),
Қарағанды облысында - 12411 (+40),
Павлодар облысында - 9892 (+113),
Батыс Қазақстан облысында - 9576 (+45),
Солтүстік Қазақстан облысында - 9133 (+54),
Қостанай облысында - 8105 (+64),
Ақмола облысында - 7776 (+60),
Алматы облысында - 7593 (+62),
Шымкент қаласында -5599 (+29),
Жамбыл облысында - 5131 (+19),
Маңғыстау облысында - 3800 (+10),
Ақтөбе облысында -3753 (+9),
Түркістан облысында - 3764 (+14),
Қызылорда облысында -3435 (+0).

Пандемия басталғалы жалпы ел бойынша коронавирус 162 273 адамға коронавирус жұққаны анықталды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сенсек, 9 қаңтардағы ахуал бойынша 22 830 адам короновирус инфекциясынан (10 874 КВИ+ және 11 956 КВИ-) ем қабылдап жатыр. Олардың ішінде 5 383 пациент - стационарда, 17 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 283 адамның жағдайы ауыр;
• 49 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.