Өткен тәулікте (6 қаңтар) Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 775 адам, ал соған ұқсас пневмониямен ауырған 94 науқас тіркелді. Барлығы 12 адам көз жұмды, деп хабарлады бейсенбіде Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі.
Ресми мәлімет бойынша, елде 2020 жылғы 13 наурыздан бері Covid инфекциясы зерттеу қорытындысы бойынша дәлелденген 159 819 кісі тіркелген, осы аурудың салдарынан 2349 адам қайтыс болған.
Денсаулық сақтау министрлігі ауру белгілері коронавирус инфекциясына ұқсайтын, бірақ лаборатория әдісімен тексергенде ағзасынан Covid табылмаған науқастар статистикасын былтырғы тамыздан бері бөлек жүргізіп келеді. Содан бері осындай пневмониямен 46114 адам ауырған, 519 науқас қайтыс болған.
Министрлік дерегіне сенсек, 7 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 918 адам короновирус инфекциясынан (10 681 КВИ+ және 12 020 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 5 208 пациент стационарда, 17 710 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирус жұқтырғандар арасында:
• 286 адамның жағдайы ауыр;
• 51 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Аймақтар бойынша толық дерек:
Нұр-Сұлтан қаласы - 122
Алматы қаласы - 105
Шымкент қаласы - 12
Ақмола облысы - 60
Ақтөбе облысы - 8
Алматы облысы - 61
Атырау облысы - 75
Шығыс Қазақстан облысы - 42
Жамбыл облысы - 15
Батыс Қазақстан облысы - 32
Қарағанды облысы - 30
Қостанай облысы - 59
Қызылорда облысы - 7
Маңғыстау облысы - 5
Павлодар облысы - 75
Солтүстік Қазақстан облысы - 56
Түркістан облысы - 11