16 қараша күні Қазақстанда коронавирус жұқтырғаны Covid тестімен (ПТР) расталған 602 науқас тіркелді, бір күнде 438 адам жазылды. Ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында (221) тіркелген. Денсаулық сақтау министрлігінің 17 қараша таңертең таратқан хабарламасында осындай ақпарат жазылған.
Дүйсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында - 61, Қостанай облысында - 57, Павлодар облысында - 50, Алматы қаласында - 36, Нұр-Сұлтан мен Ақмола облысында әрқайсында 33 адамнан коронавирус инфекциясы табылған. Маңғыстау облысында бір тәулік ішінде бірде-бір науқас тіркелмеген.
Елде наурыз айынан бері вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталғандар 121 653 адамға жетті: 109 мыңнан астамы жазылған. 9 мыңнан астамы емделіп жатыр, 1945-і қайтыс болған.
Оның ішінде:
Алматы қаласында - 15289 (+36),
Нұр-Сұлтан қаласында - 15235 (+33),
Шығыс Қазақстан облысында - 13826 (+221),
Атырау облысында - 11449 (+14),
Қарағанды облысында - 10841 (+20),
Батыс Қазақстан облысында - 7527 (+28),
Алматы облысында - 5398 (+24),
Шымкент қаласында - 5297 (+5),
Солтүстік Қазақстан облысында - 5107 (+61),
Павлодар облысында - 5083 (+50),
Қостанай облысында - 4371 (+57),
Жамбыл облысында - 4264 (+6),
Ақмола облысында - 4317 (+33),
Түркістан облысында - 3444 (+5),
Ақтөбе облысында - 3420 (+8),
Маңғыстау облысында - 3416 (+0),
Қызылорда облысында - 3269 (+1).