28 қаң, 2021 сағат 06:00

1500-ге жуық адамнан коронавирус пен пневмония анықталды

27 қаңтарда Қазақстанда ПТР тесті оң шыққан тағы 1 413 адам тіркелді. 83 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Денсаулық сақтау министрлігінің 28 қаңтар күнгі хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген. Сәрсенбі күні 16 адамның қайтыс болғаны хабарланды: 11 адам - коронавирустан, 5 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда наурыз айынан бері коронавирус жұқтырғандар 182 530 адамға жетті. 164 319-ы жазылған. Өткен тәулікте 1 163 адам айыққан. 2020 жылдың наурыз айынан бері 2 521 адам қайтыс болған.

Қазақстан билігі 2020 жылдың 1 тамызынан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Содан бері 47 658 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 564 адам қайтыс болған. 35 436 адам жазылған.

Өткен тәулікте Павлодар облысы (219) мен Ақмола облысында (213) ПТР тесті оң шыққан 200-ден астам адам тіркелген. 

Алматыда - 139, Нұр-Сұлтанда - 147, Шығыс Қазақстан облысында – 53, Атырау облысында – 70, Қарағанды облысында – 78, Батыс Қазақстан облысында - 95, Солтүстік Қазақстан облысында – 108, Қостанай облысында - 141, Алматы облысында - 64, Шымкент қаласында - 10, Жамбыл облысында - 23, Түркістан облысында - 10, Маңғыстау облысында - 10, Ақтөбе облысында - 6, Қызылорда облысында 11 адамнан коронавирус анықталған. 

28 қаңтардағы мәлімет бойынша, 27 348 адам коронавирус инфекциясынан (15 690 КВИ+ және 11 658 КВИ-) емделіп жатыр. 

Оның ішінде 6 525 пациент стационарда, 20 823 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

COVID-19 шалдыққандар арасында:

• 274 адамның жағдайы ауыр;

• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 34 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 100 млн 746 мыңнан асты. 55,6 млн адам жазылған. 2 млн 170 мың науқас қайтыс болған.