02 қыр, 2021 сағат 13:05

Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына өзгерістер енгізіледі


Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Келесі бағыт – Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына өзгерістер енгізу. Біріншіден, тұжырымдама мемлекеттік жоспарлау жүйесінің талаптарына сай келтіріледі және әйелдерді қоғамдық-экономикалық, саяси ұстанымдарда қамтамасыз ету, сондай-ақ отбасының өмір сүру сапасын арттыру, ана мен баланы қорғау жөніндегі алдымыздағы мақсаттарды ескере отырып өзектендіріледі», - деді ол.

Сонымен қатар вице-министр Президент Жолдауын ақпараттық қолдау жұмыстарына да тоқталды. 

«Жолдаудан кейін бірден сараптамалық қолдау басталды. Қазірдің өзінде Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіретін 150-ден астам спикер мен сарапшы тартылды. Кешеден бері барлық БАҚ-та және әлеуметтік желілерде мыңнан астам материал жарық көрді. Бұл бағыттағы жұмыс одан ары жанданатын болады. Жекелеген медиа жоспар дайындалады», - деді Серік Егізбаев.