Мемлекеттік комиссия жұмысын жандандыратын кәсіпкерлік субъектілері қызмет түрлерінің тізімін бекітті.
Кәсіпорындар барлық өңірде 27 сәуірден, ал Шымкентте 1 мамырдан бастап іске қосылады. Бүкіл жерде қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы тиіс.
Жұмысын бастайтындар:
-
өнеркәсіп кәсіпорындары;
-
құрылыс және жол құрылысы салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;
-
көлік, қоймалау, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік, автокөліктерге қызмет көрсету салаларындағы ұйымдар және қызмет көрсету саласының кейбір түрлері;
-
банктер мен қаржы секторының ұйымдары.
Нұр-Сұлтанда қайта ашылатын орындар:
-
қаржы және сақтандыру секторларының ұйымдары;
-
электрлік тұрмыстық техника, саяжай маусымына арналған тауарлар сататын ірі дүкендер.
Алматыда мына салалардың ұйымдары жұмысын қайта бастайды:
-
көлік және қоймалау, ақпараттық-коммуникациялық технология салалары;
-
қаржы және сақтандыру секторлары;
-
сервистік қызмет көрсету салалары (ТҚС, дөңгелек ауыстыру, тұрмыстық және кеңсе техникаларын жөндеу).
Айта кетейік, елімізде төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды.