29 қаң, 2020 сағат 12:15

Өскемен қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары лауазымына осыған дейін облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының директоры болған Эльдар Төлеубеков тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Эльдар Төлеубеков қала әкімнің орынбасары қызметінде әлеуметтік салаға жетекшілік ететін болады.

Ол 1967 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. 2005-2010 жылдары аралығында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары лауазымын атқарған. 2010 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында директор қызметінде еңбек етті.