Kevin Winter/Getty Images
60 жастағы малайзиялық актриса Мишель Йео "Бәрі барлық жерде және бір уақытта" (Everything Everywhere All at Once) фильміндегі рөлі үшін "Оскар" сыйлығын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Айта кетейік, сыйлықтың 95 жылдық тарихында азиялық әйелдер арасынан бірде-бір актриса бұл номинацияда жеңімпаз болмаған.
"Гейшаның естеліктері", "Марко Поло" және "Жасырын айдаһар" фильмімен танымал актриса үшін де бұл - алғашқы "Оскар".
Фильмде өмірі жақсы өтпей жатқан Эвелиннің оқиғасы баяндалады, бірақ ол кенеттен параллельді ғаламдарды шарлай алатынын және өзінің басқа нұсқаларына қол жеткізе алатынын түсінеді.
Еске салайық, бұл сыйлыққа Мишель Йеодан өзге Кейт Бланшетт (Тар), Ана де Армас (Аққұбалар), Андреа Райсеборо (Лесли үшін), Мишель Уильямс (Фабелманс) сынды актрисалар ие болуы мүмкін еді.