Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына Сәді-Бек Түгелді кандидат ретінде тіркеді.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Сәрсенбайұлы Мельдешов қаулы жобасы туралы баяндама жасады.
2019 жылғы 22 сәуірде «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік бірлестігі Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Сәді-Бек Түгелдің құжаттарын ұсынды:
- «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік бірлестігі Әділет министрлігінде тіркеу туралы құжатының көшірмелері, қоғамдық бірлестігі жоғарғы органы отырысының Сәді-Бек Түгелді Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме қоса беріліп отыр;
- Сәді-Бек Түгелдің Президенттікке кандидат болып дауысқа түсуге келісім беру жөніндегі өтініші;
- өмірбаяндық деректер;
- сайлау жарнасының енгізілгенін растайтын құжат.
Осы құжаттардың негізінде, сондай-ақ кандидат мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау үшін Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 26 сәуірдегі №18/249 қаулысымен Президенттікке кандидат Сәді-Бек Түгелдің Конституция мен "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігі анықталды және азаматтардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтары берілді.
Орталық сайлау комиссиясына кандидатты тіркеу үшін мынадай құжаттар:
-Президенттікке кандидат Сәді-Бек Түгелдің кірістері мен мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы Мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;
-Президенттікке кандидат Сәді-Бек Түгелдің оны тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытынды;
-облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының аумақтық сайлау комиссияларының Президенттікке кандидат Сәді-Бек Түгелдің қолдауына азаматтардың жиналған қолдарын тексеру нәтижелері туралы хаттамалары – ұсынылды.
Осы хаттамаларға сәйкес Президенттікке үміткер Сәді-Бек Түгелдің қолдауына Қазақстанның барлық 15 өңірінен 122 102 азаматтың қолы жиналды, олардың 120 175-і дұрыс деп танылды.
Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 13/237 қаулысымен белгіленген Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатты қолдау үшін дұрыс қолдардың қажетті саны кемінде 118 140 қолды құрайды.
Сәді-Бек Түгелді Президентікке кандидат ретінде тіркеуге қажетті барлық құжаттар Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды және оларға қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Сәді-Бек Түгелді Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы» қаулы қабылданды.
Қаулымен:
- 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Сәді-Бек Түгелді Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін;
- Президенттікке кандидат Сәді-Бек Түгелге тиісті куәлік берілсін;
-Президенттікке кандидат Сәді-Бек Түгелдің "Халықтық Жинақ Банкі" акционерлік қоғамына арнайы уақытша шот ашу үшін тіркелуі туралы мәліметтер берілсін;
-бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Сәді-Бек Түгелдің тіркелгені туралы хабарлама жариялансын – делінген ОСК хабарламасында.