Сайлау процесіне қатысушылардың құқық нормаларын дұрыс және біркелкі түсінуі және қолдануы мақсатында сайлау науқаны кезеңінде Ортсайлауком мен басқа да органдардың өкілеттіктеріне қатысты заңнаманы түсіндіру бөлігіндегі құқықтық нормалар қаралды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Конституцияның 72-бабына сәйкес, Конституциялық Кеңес Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме беретін жалғыз орган болып табылады.
Нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру тәртібі «Құқықтық актілер туралы» Заңмен регламенттелген.
Бұл заң түсіндірудің екі нысанын қарастырады: ресми және бейресми.
Мәселен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсіндірме беруді Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жүзеге асырады.
Сайлау заңнамасын түсіндіру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның нормаларымен де, «Құқықтық актілер туралы» заңның ережелерімен де реттеледі.
ОСК-ның сайлау заңнамасын түсіндіру шеңберінде құқықтық актілер туралы Заң ОСК-ға өзінің нормативтік құқықтық қаулыларын ғана ресми түсіндіру жөніндегі өкілеттіктер береді.
Ұйымдастырушы рөлінде бола отырып, ОСК өзінің нормативтік құқықтық қаулылары бойынша ресми түсіндірме беру үшін уәкілетті мемлекеттік органдардың позициясын алдын ала сұратуға құқылы.
Бұл ретте ОСК заңдардың, соның ішінде сайлау туралы Конституциялық заңның нормаларына ресми түсіндірме беруге құқылы емес.