12 қаң, 2021 сағат 08:48

ОСК: Мәжіліске ҚХА-дан 9 депутат сайланды

Парламент Мәжілісіне Қазақстан халық Ассамблеясынан 9 депутат сайланды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлім болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚХА сайлайтын Мәжіліс депутаттарын сайлау нәтижесі: 

Әбдірахманов Сауытбек Әбдірахманұлы – 298 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 84,90%

Амирханян Аветик Рубенович – 270 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 76,92% 

Буларов Ильяс Юсупович – 274 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 78,06% 

Дементьева Наталья Григорьевна – 292 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 83,19% 

Ли Юрий Виссарионович – 282 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 80,34% 

Набиев Вакиль Гусейнович – 285 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 81,19% 

Осин Шамиль Абзалетдинович – 271 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 77,20% 

Тохтасунов Владимир Имтахунович – 277 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 78,91% 

Хамедов Абилфас Муслимович – 290 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 82,62% 

Белгілі болғандай, дауыс беруге қатысқан ҚХА мүшелерінің жалпы саны - 351 адам.

Дауыс беру нәтижесі бойынша Қазақстан халық Ассамблеясынан 9 депутат Парламент Мәжілісіне өтті. 

Еске сала кетейік, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 93-1-бабына сәйкес сессияда Ассамблеядан сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ҚХА Кеңесі ұсынған үміткерлерге дауыс берілді. 11 қаңтарды Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижесін жариялады.