12 мау, 2023 сағат 16:42

"Өрт белсенділігі байқалады" - министр Абай облысындағы жағдай туралы

видео кадры

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов ТЖ орнындағы күш-құралдардың жұмысы туралы өзекті ақпаратты айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Температураның жоғарылауына және екпінді желге байланысты өрт таралуының қаупі бар, алайда бізде өртті оқшаулау үшін күш-құралдардың тобы жеткілікті", - деді министр.

Бұл ретте ведомство басшысы шығыс бағытта өрттің белсенділігі байқалғанын, дегенмен авиациялық техникамен және жерүсті топтармен жану ошақтарын жоюға нақты міндеттер қойылғанын атап өтті.

Өрт басталғалы бері барлығы 1017 рет көлемі 3000 тоннадан астам су төгілген. Қазіргі уақытта жедел штабтың деректері бойынша өрттің жалпы көлемі 60 000 гектар болады, оның 43 000 гектарында жану ошақтары байқалады.