Қайыр Рыскелдинов Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Қайыр Өмірсадықұлы Рыскелдинов Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.