13 сәу, 2020 сағат 10:49

Орамжапырақты ЕАЭО елдеріне экспорттау кедергісіз жүріп жатыр - АШМ

Орамжапырақты экспорттауға сертификаттар штаттық режимде беріліп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті орамжапырақты ЕАЭО елдеріне экспорттау бойынша кедергісіз жұмыс атқарылып жатқанын хабарлайды. Осы орайда фитосанитариялық сертификаттарды беру штаттық режимде жүргізілуде. 2020 жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша Шымкент қаласынан жалпы көлемі 2300 тоннаға 116 сертификат, Түркістан облысы бойынша 220 тонна орамжапырақты экспортауға 13 фитосанитарлық сертификат берілді. Жалпы, 10 мың тонна орамжапыраққа фитосанитарлық сертификат алуға өтінім келіп түсті. Сертификаттарды беру ҚР заңнамасының талаптары мен регламенттеріне сәйкес жүргізілуде», - делінген ҚР АШМ баспасөз қызметі мәліметінде. 

Орамжапырақтың фитосанитарлық жағдайын анықтау және тексерудің барлық қажетті процедураларының жүргізілуіне қарай барлық кәсіпкерлік субъектілері фитосанитарлық сертификаттар алады.

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты ҚР АШМ өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.