17 ақп, 2022 сағат 13:16

Оралов Премьер-министр Смайыловпен кездесті


«Nur Otan» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Үкімет басшысы Әлихан Смайыловпен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайыловпен кездестім. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» Орталық аппараты Мәжілістегі фракциямен бірлесіп, партияның 2021 жылғы сайлауалды уәделерінің орындалу сапасына талдау жүргізуде. 

Кездесу барысында Үкімет мүшелері мен партия органдарының «Nur Otan»-ның республикалық сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқыладық», - деп жазды Асхат Оралов өзінің Instagram парақшасында.