06 мам, 2021 сағат 19:45

Оралда жоғалып кеткен 15 жасар қыз іздестіріліп жатыр


Орал қаласында жоғалып кеткен 15 жастағы қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Қарақат Арыстанғалиева 5 мамыр күні шамамен сағат 22.00-де үйінен шығып кеткеннен оралмаған. 

Белгілері: бойы 150-155 см, арықша келген, шашы сарғылт, ұзын.

Үстіне күлгін түсті пальто, аяғына ұзын қызыл-қара түсті кроссовка киген.

Қандай да болсын хабары бар адамдар Орал қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне қоңырау шала алады: 8(7112) 92-18-04, 92-18-42.