04 мам, 2021 сағат 21:14

Оралда ток соғып көз жұмған 6 жасар қыз: Қылмыстық іс қозғалды


Оралда 6 жасар қыздың токқа соғылып, көз жұмуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, қалаға қарасты Деркөл кентінде газ құбырын ұстаған 6 жасар қыз мерт болған еді. 

«Бүгін сараптама қорытындысына сәйкес қыз баланың ток соғып қайтқаны белгілі болды. Бастапқыда бұл дерек жазатайым оқиға ретінде тіркелген еді. Қазіргі кезде ол қайта дәрежеленіп, ҚР ҚК 306-бабы 3-бабына (абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) сәйкес қылмыстық іс қозғалды», деді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.