19 қыр, 2023 сағат 15:32

Оралда шұғыл қонған ұшақта жасөспірім қайтыс болды

Фото:© pixabay.com/rauschenberger

Оралда шұғыл қонуға мәжбүр болған Turkish Airlines ұшағының бортында жасөспірім қыз қайтыс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

17 қыркүйекте TK 3995 рейсі Ресейдің Қазан қаласынан Антальяға ұшып бара жатқан. Бірақ ұшақ сағат 12:43-те Орал қаласына қонуға мәжбүр болған. Өйткені бортта отырған 17 жастағы қыздың жағдайы күрт нашалап кеткен.

Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, Мәншүк Мәметова атындағы әуежайдан жедел жәрдемге сағат 16:02-де хабар түскен. Дәрігерлер сол жерге 15 минуттың ішінде барған. Бірақ 2006 жылы туған Татарстан Республикасының азаматы қайтыс болған. Бойжеткен ДЦП анамнезімен ауырған.

"Бортта 3 дәрігер болды. Олар 45 минут бойы қыздың жүрегіне массаж жасап, жасанды демалдырғанымен, нәтиже болмады", - дейді басқарма мамандары.

Ал көліктегі полиция депаратменті кәмелет жасқа толмаған қыздың өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Бойжеткеннің денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

Ал, борттағы туристердің айтуынша, олар жерде екі сағаттай қажетті құжаттар әзірленгенін күткен.

16:30-да Boeing 737 Оралдан ұшып кетіп, Трабзон қаласына жанармай құю үшін тоқтаған. Ол жерде жолаушылар әуекемесінің экипажы алмасқанын тағы 2,5 сағат күткен. Антальяға туристер тек 00:20-да жеткен. Негізі ұшақ 17:20-да Түркия жеріне келіп қоюы керек болған.