05 мау, 2021 сағат 12:41

Оралда көпқабатты үйде өрт шығып, 40-қа жуық адам эвакуацияланды


Оралда көпқабатты үйде өрт шығып, 40-қа жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 5 маусым күні сағат 03.49-да Ружейников көшесі 9-мекенжайда орналасқан бес қабатты үйде болды.

Екінші қабаттағы №35, №38, №39 пәтерлер жанды.

Оқиға орнынан ТЖ департаментінің күшімен 5 адам құтқарылды. Оған қоса 39 адам эвакуацияланса, соның 19-ы – бала. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. 

«Тілсіз жау» сағат 05.10-да толықтай ауыздықталды. Оны сөндіруге 35 қызметкер 12 техника жұмылдырылды.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталып жатыр.