Оралда жас жігіт тоғызыншы қабаттан құлап кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға бүгін, шамамен сағат 20.00-де Қонаев шағынауданындағы 56-үйде болды.
29 жастағы жігіт кондиционер қондыру кезінде 9-қабаттан құлап кетіп, оқиға орнында қаза тапты.
Жедел тергеу тобы оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 20.03-те шақырылып, бригада екі минуттан кейін жетті.
Жас жігіт жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Ол кондиционер қондыратын жалдамалы жұмысшы болған.
