01 мау, 2021 сағат 19:14

Оралда кішкентай бала 5-қабаттан құлап кетті


Оралда кішкентай бала 5-қабат терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 1 маусым күні Зачаган кентіндегі М.Мөңкеұлы 93-мекенжайында болды. 

Сағат 15.10-де ата-анасының қарауынсыз қалған 2018 жылғы ұл бала 5-қабаттан құлап кеткені жөнінде хабар түскен. Ашық бас-ми жарақатын алып, бас сүйегі сынған бала ес-түссіз күйінде ауруханаға жатқызылды. 

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баланың сағат 15.40-та көз жұмғанын жеткізді. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі де 2,5 жастағы баланың бесінші қабаттан құлап, қайтыс болғанын растады.