Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен тұрғынның денесі табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі, полиция полковнигі Болатбек Белгібековтің айтуынша, 21 наурыз күні сағат 18.00-де «Дружба» саяжай қоғамы ауданындағы шойын көпірдің маңынан ер адамның мүрдесі табылды.
Ол 14 наурыз күні Деркөл ауылындағы үйінен шығып кетіп, оралмаған 1989 жылғы Асылбек Іңкәрғалиев болып шықты.
Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Абай полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде.