Оралда ірі қоймадан өрт шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, сағат 17.01-де Гагарин көшесі 70-мекенжайында «Меркурий» сауда үйі аумағында құрылыс материалдары сақталатын жеке тұрған қоймадан (жалпы алаңы 1300 шаршы метр) өрт шыққаны жөнінде хабар түскен.
Өрт аумағы 800 шаршы метрді қамтыды.
Зардап шеккендер жоқ.
Сағат 17.26-да арнайы штаб құрылды.
«Тілсіз жауды» ауыздықтауға ТЖ департаментінен 54 қызметкер, 15 техника жұмылдырылды.





