28 сәу, 2021 сағат 13:55

Оралда балалар алаңында ер адам асулы күйі табылды


Оралда 60 жастағы ер адам көпқабатты үйдің ауласында асулы күйі табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға бүгін таңертең И.Ларин көшесі, 6 мекенжайында болды.

«Сағат 06.15-те И.Ларин көшесіндегі үйдің ауласындағы балалар алаңында 1961 жылғы ер адамның асылып тұрғаны жөнінде хабар түсті. Марқұмның өзі сол үйде тұрған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде», - деп хабарлады ведомстводан.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, жедел жәрдем сағат 07.00-де шақырылған. Ер адам азиат пішіндес.