09 қар, 2018 сағат 11:46

Оралда 19 жастағы студент қыз іс-түссіз жоғалып кетті

Оралда осыдан 20 шақты күн бұрын жоғалып кеткен Гүлдана Тұржанова әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Он тоғыз жастағы Гүлдана 21 қазан күні үйінен шығып кетіп, содан қайтып оралмаған.

Анасы Альбинаның сөзіне қарағанда, қызымен кешке бірге тамақтанған. Таңертең тұрғанда, Гүлдана жоқ болған. Ақша, құжат және басқа да жеке заттарын өзімен бірге алып кетпеген. Ол осыған дейін үйінен ескертусіз шығып көрмеген.

Гүлдана Тұржанова - Ж.Досмұхамедов атындағы педколледждің 4-курс студенті. Ұстаздарының айтуынша, сабақ үлгерімі жақсы.

Он тоғыз күннен бері Гүлдананы іздестіру жұмыстары жүріп жатқанымен, әзірге ешқандай нәтиже болмай тұр. БҚО полиция департаментінен алынған мәліметке қарағанда, қазіргі кезде бұл оқиға бойынша іс Абай полиция бөлімінде қаралуда.