Сейсенбі күні оңтүстік Корея коронавирус жұқтырған 131 жаңа жағдай туралы хабарлады.
Елде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 7 513 адамға жетті, деп хабарлайды Yonhap агенттігі.
Корея ауруды бақылау және алдын алу орталығының (KCDC) мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта 54 адам Қытайда пайда болған респираторлық вирустан көз жұмды. Қайтыс болғандардың көбі – созылмалы аурумен ауырған егде жастағы пациенттер.
Расталған жағдайлардың 63 пайызға жуығы 2,5 миллион халық тұратын, үлкендігі жөнінен елдің төртінші қаласы Тэгудағы Синчхонджи (Shincheonji) діни сектасының филиалымен байланысты.
Жаңадан вирус жұқтыру қарқыны соңғы уақытта біршама бәсеңсіді. Бұл денсаулық сақтау органдарының вирустың таралу орталығында орналасқан 210 000 Синчхонджи бағытын ұстанушыларды жаппай тексеруді аяқтады.
Билік вирустың жаңа ошағының пайда болуына әлі де алаңдаулы екенін атап өткен.
Корея ауруды бақылау және алдын алу орталығының (KCDC) мәліметінше, кеше анықталған 131 жаңа жағдайдың 92-сі Тэгуда, 10-ы көршілес Солтүстік Кёнсандо провинциясында тіркелген. Тэгуда ауру жұқтырғандардың жалпы саны - 5 663, Солтүстік Кёнсандода 1 117 адамға жетті.
Сондай-ақ Сеулде вирус жұқтырған 11 жаңа жағдай туралы хабарланды.