13 қаз, 2020 сағат 14:55

Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 2 азаматы қаза тапты

Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 2 азаматы қаза тапты. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2020 жылғы 12 қазанда Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық қаза тапты. Жергілікті полицияның дипломаттарымызға берген алдын ала ақпаратына сәйкес, жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан алған жарақаттан қаза болған. Аталған жағдайлар бойынша тергеу жұмыстары басталды. Отандастарымыз Кореяда заңсыз жүргенін атап өту қажет», - деді ол. 

Ресми өкілдің атап өтуінше, марқұмдардың туыстарымен байланыс орнатылған. 

«Елшіліктің консулдық бөлімі барлық қажетті құжаттарды рәсімдеп, азаматтарымыздың мүрделелерін елге жеткізу бойынша тиісті шараларды қабылдауда», - деді ол.