20 жел, 2021 сағат 13:23

Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады - Атамқұлов


Елімізде Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірінші - Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру. Бүгінгі таңда өнеркәсіптік саясатты әртүрлі мемлекеттік органдар іске асырады. Оның тиімді жүргізілуі үйлестірілген іс-қимылдарға байланысты. Сондықтан Премьер-Министрдің орынбасары төрағалық ететін Ведомствоаралық комиссия құрылады, - деді отырыста Өнеркәсіптік саясат туралы» және оған ілеспе заң жобасы туралы баяндама жасаған министр. 

Оның атап өтуінше, екіншіден, бизнес проблемаларына уақытылы ден қою үшін Үкіметке ынталандырудың жаңа іс-шараларын бекіту және қолданыстағы іс-шараларды қайта қарау құзыреті беріледі.

«Үшіншіден, Мемлекет басшысының атына енгізілетін Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің жай-күйі туралы ұлттық баяндаманы Үкімет қалыптастырады. Ол өнеркәсіптік саясатты жоспарлау мен қалыптастырудың басты құралы болады», - деді Бейбіт Атамқұлов.