02 ақп, 2023 сағат 11:51

Он мыңыншы қазақстандық өз көлігін заңдастырды

Фото: Polisia.kz

Көкшетау тұрғыны өз көлігін заңдастырған он мыңыншы адам болды, – деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

31 жастағы Азамат Еслямбеков Honda Odyssey маркалы автокөлікті Армениядан алып келген. Бүгін ер адам өзінің көлігін заңдастырып, қазақстандық техпаспортты, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлік белгіні алды.

Айта кету керек, заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Өтінім беру тәсілдері:

- eGov.kz үкімет порталы арқылы;

- екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы;

- ХҚКО арқылы.

Ереже бойынша автокөлік Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі тиіс, қылмыстық есепте болмауы керек, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі тиіс.