20 сәу, 2020 сағат 09:41

Он екі адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Сәуірдің 20-сы Қазақстанда он екі адам коронавирус инфекцясынан жазылып шықты. Бұл ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі бүгін түскі сағат 11:40-та хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысында - 7, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Ақмола облысында - 1, Маңғыстау облысы – 1 адам жазылған.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің таңғы сағат 9-дағы мәліметі бойынша, Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 24 адам анықталған болатын

Қызылорда облысы - 1,
Нұр-Сұлтан қаласы - 9,
Алматы қаласы - 1,
Шымкент қаласы - 4,
Батыс Қазақстан облысы - 1,
Павлодар облысы - 4,
Қостанай облысы - 4.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша COVID-19 жұқтырғандар 1735 адамға жетті. 413 адам сауығып, 19 адам қайтыс болды.