Омикрон штамы бірнеше айда бүкіл әлемге таралады. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Эпидемиологиялық жағдайға әсер ететін жағымсыз факторлардың бірі - әлемде омикрон штамының жылдам таралуы. Омикрон қарашада 16 елден табылса, ал бүгінгі күні ауру әлемнің 110 елінен анықталды», - деді ол.
Жандос Бүркітбаевтың атап өтуінше, омикронның таралу коэффициенті жоғары, ол - 1:5 тең.
Сонымен қатар қайта жұқтыру қаупі де өте жоғары болып тұр.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша ауру бірнеше ай ішінде бүкіл әлемге таралады», - деді Жандос Бүркітбаев.
