01 жел, 2021 сағат 21:58

Омикрон әлемінің 20 мемлекетінен табылды


Коронавирустың жаңа Омикрон штамы кемінде 20 елден табылды, олардың саны тағы да өсуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін Омикрон Оңтүстік Африка Республикасының ғалымдары оны тапқанға дейін бір аптадан астам уақыт ішінде бүкіл әлемге тарала бастағаны белгілі болған еді. 

Содан бері көптеген елдер Оңтүстік Африкаға сапарға баруға тыйым салды. Соңғы жолы 2-15 желтоқсан аралығында әуе қатынасын тоқтатқан Испания болды.

Алайда ДДСҰ халықаралық сапарларға толығымен тыйым салу коронавирустың таралуын тоқтатпайды деп санайды. 

Көптеген елдер мүмкіндігінше вакцинация бағдарламаларын көбірек қамтуға ерекше назар аударуда. 

Мысалы, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон қаңтар айының соңына дейін барлық ересектерді ревакциналау мерзімін белгіледі. 

11 желтоқсанға дейін жалпыхалықтық локдаунды ұзартатын Аустрия сияқты басқа елдер ірі көлемде айыппұл салу қаупімен халықты вакциналауға міндеттейді. 

Грекияда мұндай шаралар тек 60 жастан асқан адамдарға ғана қатысты болмақ. Үшінші екпені алмағандар 16 қаңтардан бастап ай сайын мемлекеттік қазынаға 100 еуро төлейді. 

Бірақ жаңа штамм қолданыстағы вакциналарға қарсы тұра алады деген қауіп басым.

Жақында бұрын Moderna бас директоры Стефан Бансель олардың Омикронға қарсы тиімділігіне күмән келтірді. Оның айтуынша, жаңа вакциналар жасау үшін бірнеше ай қажет болады.