28 сәу, 2023 сағат 13:35

Олжас Сүлейменовтың жары дүниеден озды

Фото: yvision.kz

Көрнекті ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовтің жары Маргарита Владимировна дүниеден озды.

Қайғылы хабар туралы әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақ ПЕН клубының президенті Бигелді Ғабдуллин хабарлады.

"87 жасында Олжас Омарұлы Сүлейменовтің жұбайы Маргарита Владимировна өмірден өтті", - деп жазды ол.

Айта кетейік, Олжас және Маргарита Сүлейменовтердің Динара, Мәдина, Ләйлә есімді үш қызы бар.

Ұлт порталының ұжымы қазаға байланысты қазақ жұртына қадірлі қаламгердің отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Пейіште нұры шалқып, Жаратқан артындағы ұрпағына ұзақ ғұмыр берсін!