23-25 қаңтар күні Израильдің Тель-Авив қаласында дзюдодан биылғы маусымның шымылдығын түретін Гран-при турнирі басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.
60 келідегі Елдос Сметов олимпиадалық рейтингте үздік үштікті тұйықтап тұр. Ол жапониялық Нагаяма Рюю мен өзбекстандық Шарафуддин Луфтиллаевты алға жіберген.
Ғұсман Қырғызбаев - 8 орында. 66 келідегі Ерлан Серікжанов 13 сатыда тұр. Ал Елдос Жұмақанов 20-шы орынға төмендеген. 73 келідегі Жансай Смағұлов - 25, 81 келідегі Дидар Хамза - 29 орында. Осы салмақта сынға түсетін Руслан Мұсаев - 49 сатыда. 90 келідегі Ислам Бозбаев - 18 орында. Аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев әзірге 35 орында тұр.