29 жел, 2021 сағат 22:46

Өлім жазасын жою қылмысқа деген көзқарастың жұмсарғанын білдірмейді - Адам құқықтары жөніндегі уәкіл


ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова өлім жазасын жоюды көздейтін заң жобасын Қазақстан қоғамын дмокрантияландыруға, елдегі қылмыспен күрес саясатын ізгілендіруге бастайтын қадам ретінде бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

«Өлім жазасын жою - Қазақстанның қоғамды демократияландыруға және қылмыспен күрес саясатын ізгілендіруге бағытталған маңызды қадамы. Халықаралық құжаттарда өлім жазасы жазаның өте қатал, адамгершілікке жатпайтын түрі ретінде танылған. Бұл ретте аталған жаза шарасын тағайындау кезінде соттың қате лесу тәуекелі бар екеніне ескеріледі. Сондай-ақ, жоғары жазаны сақтау қылмыстың төмендеуіне әсер етпейтінін дәлелдейтін деректер бар», - дейді заңгер. 

Оның пайымынша, өлім жазасын сақтау немесе жою мәселесі қоғамда әрқашан қайшылықты пікірлер туындатады.

«Көптеген адамдар өлім жазасын аса ауыр қылмыстарға ең ұтымды жауап деп санайды. Сонымен қатар, адамды мемлекет атынан өмірден айыру адам құқықтарын қорғау мәселесі тұрғысынан тиімді болып саналмайды. 

Өлім жазасын алып тастау қылмысқа тағайындалатын жазаның жұмсарғанын білдірмейді. Ауыр қылмыс жасаған адамдар қатаң жазалануы керек, олар қатыгез әрекеттерге жол берілмейтінін жол түсінуі керек», - деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Еске салсақ, бүгін Мемлекет басшысы өлім жазасын жою мәселесі бойынша заңға қол қойды.