Актер Жахан Отарғалиев үшінші әйелі және оның балалары жайлы сұхбат берді, деп хабарлайды Ult.kz.
Әзілкеш өгей қыздары өзін “әке” деп атағанына қарсы екенін жеткізді.
"Өздерінің әкелері бола тұра, мені “әке” деп айтқызғаным дұрыс емес. Қанша жерден қиналсаң да, басыңа түсіп тұрғандықтан олай істеуге болмайды. Олардың өз әкесі бар. Сондықтан біз басынан-ақ танысқан кезде “Мен сіздерге көкемін, мен сіздердің қолдаушыңызбын, кез келген уақытта сіздерді қорғаймын, бірақ мен сіздерге көке боламын” дедім. Түсіндірдім. Оларды туған қызымдай жақсы көремін, қолдаймын, дегенмен жүректің түбінде “Өзімдікі қашан болады?” деген тұрады екен", – деді ол Revuenews-қа берген сұхбатында.
