31 шіл, 2025 сағат 16:11

«Ол бәрін түсінді»: Роман Скляр ҚТЖ қызметкерлерін балағаттаған басшының видеосына қатысты пікір білдірді


Фото: golos_krg_kz

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр желіде тараған ҚТЖ басшысының қызметкерлерін балағаттаған видеосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ult.kz.

«Өкінішке қарай мұндай жағдай болды. Әрине этиканы сақтау міндетті болуы тиіс. Бірақ Нұрлан Ермекұлы айтқандай ҚТЖ өте күрделі компания. ҚТЖ-да ең бастысы қауіпсіздік. Бұл теміржолшымен әңгіме жүргізілді. Ол бәрін түсінді. Ол жұмысын жалғастырғаны дұрыс болады», -деді Роман Скляр.



Фото: Роман Скляр / Турар Казангапов

Еске сала кетейік, «Қазақстан теміржолы жүк тасымалы» ЖШС локомотив шаруашылығы жөніндегі бас директорының орынбасары Асан Үмбетовтің балағат сөздер қосып сөйлеген видеосы желіде тараған болатын. Жағдай Қарағанды облысында вагондардың рельстен шығып кету оқиғасын кейін болған. Ол теміржолшыларға қатаң ескерту жасап, балағат сөздермен қатқыл сөйлеген. Мұны біреулер әдепсіздік деп бағаласа, басқалар керісінше кәсібидік, жанашырлық және шынайылыққа балаған.