25 қыр, 2023 сағат 14:24

Оқушының мектепте баспалдақтан құлап кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды


Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева оқушы баспалдақтан құлап кеткен мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс басталғанын хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz сайты.

"Астанадағы мектепте бала баспалдақтан құлап кеткен оқиғаға қатысты. Мен оның анасымен байланыстамын. Қазіргі уақытта баланың жағдайы орташа ауыр, жақсарып келеді. Есін біледі", - деді Зәкиева.

Ол әлеуметтік желідегі баланың комада жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Зәкиева оқушы сұрақтарға жауап беретінін, дәрігерлердің нұсқауларын орындайтынын және оның танымдық функциялары да сақталғанын түсіндірді.

"Мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мектептің оқу жылына дайындық сапасы тексеріліп жатыр", - деді балалар омбудсмені.