Сурет: ашық дереккөз
"Ашық НҚА" порталында оқу-ағарту министрі бұйрығының жобасы жарияланды. Құжатта келесі оқу жылына белгіленген демалыс күндері көрсетілген.
Құжатқа сәйкес, оқу жылы 2024 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2025 жылғы 25 мамырда аяқталады. Бұл ретте бұйрыққа сәйкес:
- бірінші тоқсан сегіз апта болады, демалыс 28 қазанда басталып, 3 қарашаға дейін созылады;
- екінші тоқсанда 8 оқу аптасы бар, қысқы демалыс – 30 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін жалғасады;
- үшінші тоқсанда 10 оқу аптасы бар, көктемгі демалыс – 21 наурыздан 31 наурызға дейін;
- төртінші тоқсанда 8 оқу аптасы болады, 25 мамырға дейін.
Құжат қабылданса, бірінші сынып оқушылары 3-9 ақпан аралығында қосымша бір апта демалады.
9-10 сынып оқушылары 2025 жылдың 29 мамыры мен 9 маусымы аралығында, ал 11-12 сынып оқушылары 2025 жылдың 30 мамыры мен 12 маусымы аралығында емтихан тапсырады, делінген бұйрық жобасында.
Жобаның қоғамдық талқылауы 18 маусымға дейін жалғасады.