21 сәу, 2023 сағат 18:17

Оқу-ағарту министрлігі балалар үшін бөлек SIM-карта енгізуді ұсынды

© Photo: pixabay.com

Оқу-ағарту министрлігі балаларды теріс контенттен қорғау үшін бөлек SIM-карта енгізуді ұсынды. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында вице-министр Еділ Оспан айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Біз балалар SIM-картасын, яғни ата-аналардың бақылауында болатын балаларға арналған жеке SIM-картаны енгізуді ұсынып отырмыз. Егер бала осы SIM-карта арқылы Интернетке қосылса, онда ата-ананың рұқсаты қажет болады. Бұл баланы бақылау: ол қандай сайттарға кіреді, қандай әлеуметтік желілерде отырады. Тағы бір мәселе - ата-аналар Интернет уақытын шектей алады. Өйткені балалар кешке дейін Интернетте отырады. Біз мұны балалардың қауіпсіздігін ойлайтын оқу-ағарту министрлігі ретінде ұсынамыз", - деді ол Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында.

Шенеуніктің айтуынша, министрлік бұл бастаманы басқа да мемлекеттік органдармен талқылауды жоспарлап отыр. Бұл ретте ата-аналар қауымының қолдауына сенеді.

"Бұл әлі ұсыныс деңгейінде. Техникалық мүмкіндіктерді алдын ала зерттей келе, мұны дұрыс деп санаймыз, өйткені Интернеттегі балалардың қауіпсіздігі мәселесі өте өзекті болып отыр. Кімнің мектеп жасындағы балалары болса, мен қолдайды деп ойлаймыз. Біз балаларымыздың, айталық, олар үшін қауіпсіз "ақ" сайттарда отыруын қамтамасыз етуіміз керек. Баладан телефонды күштеп ала алмаймыз ғой", - деп қосты Оспан.