12 сәу, 2018 сағат 09:38

ОҚО-да басқарма басшысы пара алып жатқан жерінен ұсталды

ОҚО ІІД Көші-қон қызметі басқармасының басшысы ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

"ҰҚКД жедел-тергеу тобының Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерімен арнайы өндіріс жүргізуі барысында 10 сәуірде Ауғанстан тумаларының Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы үшін қолғабыс етуіне 3 500 (жалған ақша) ақша алу сәтінде облыстық ІІД-нің Көші-қон басқармасының басшысы Н.Төлегенұлы ұсталды", - деп хабарлады Сәдубаев.

Ұсталған шенді Шымкент қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалып, қазір тергеу жүріп жатыр.