22 жел, 2017 сағат 09:38

Нью-Йоркте қазақстандық қыз қаза тапты

Қазақстандық қыз Нью-Йоркте қайғылы оқиға салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

28 жастағы қыздың қалай көз жұмғаны туралы әлі нақты ақпарат жоқ.

"Еліміздің азаматы қаза тапқаны туралы мәліметті растаймыз. Қазір Нью-Йорктегі дипломаттар мәйітті Қазақстанға жеткізу үшін туған-туыстарына жәрдемдесіп жатыр", — деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.

Басқа да деректерге қарағанда, бойжеткен қыз Нью-Йоркте жұмыс істеп жүрген.