19 нау, 2019 сағат 18:37

Нығматулин ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды

Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

***

ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы

ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының ӨКІМІ

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 20наурызда сағат 12-де Астана қаласында шақырылсын».

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы                                                Н. Нығматулин

Астана қаласы, 2019 жылғы 19 наурыз,

№ 1