Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, журналист, Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Президенттің бүгінгі Жолдауына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында мәдениет саласына ерекше көңіл бөлді. Мәдениет, оның ішінде Кітапхана мамандарының жалақысын 2022-2025 жылдары аралығында әр жылы 20%-ға көтеру туралы нақты ұсыныстар жасады.
Қазаққа саналы да сапалы ұрпақ керек! Осы орайда Мемлекет басшының кітапхана ісіне айрықша мән беріп, қолдау көрсетуі - келешек үшін жасалған үлкен игілік!
Кітапханашылар мәртебесін көтеру - білімді ұрпаққа жол ашу! Біздің бірнеше мәрте осы мәселе туралы жолдаған депутаттық сауалымыз аяқсыз қалмады. Президенттің өз Жолдауында тікелей қолдау білдіруін жақсы жаңалыққа балап отырған жайымыз бар!» - деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.
