© Sputnik / Абзал Калиев
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды. Ота сәтті өтті. Тұңғыш Президенттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында", - деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.
Оның айтуынша, ота белгілі кардиохирург Юрий Пяның жетекшілігімен Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында жасалған.