20 қаң, 2020 сағат 17:20

Нұрлан Ноғаев Беларусь елшісімен кездесті

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Н.А. Ноғаев Қазақстандағы Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі А.И. Ничкасов және Беларусь мемлекеттік мұнай және химия концернінің вице-президенті А.Н. Бунақовпен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Беларусь Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім мәтінінің жобасы бойынша мәселелерді, мұнай және мұнай өнімдерін жеткізудің ықтимал көлемін және басқа да мәселелерді талқылады.

Жалпы, Келісімнің жобасын мемлекеттік органдар қарайды.

Ықтимал жеткізулердің басталуы тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің коммерциялық мүдделеріне байланысты болатын Келісім күшіне енгеннен кейін болжанып отыр.

Ең ұтымды нұсқа, әрине, құбыр көлігімен жеткізу болып табылады. Бірақ, егер мультимодальды жеткізілімдер экономикасы «өтімді» болса, онда мұндай жеткізілімдер де мүмкін болады.

Айта кету керек, бірінші кезекте келісімге қол қойылып, оны ратификациялауға тиіс және екінші кезекте БР Мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу бойынша компаниялардың коммерциялық мүдделілігі қажет.