13 мам, 2021 сағат 19:52

Нұра өзенінде балықтың қырылу себебі анықталды


«Қазгидромет» мамандары Нұра өзені суындағы оттегі мөлшері нормаға түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазгидромет» зертханасының мамандары Ақмола облысының Төйтөбе кентінде Нұра өзеніндегі балықтардың қырылуына байланысты 8 мамыр күні өзен арнасының 3 тұсынан судан сынама алып, зерттеген болатын. Аталған сынамалар судағы аммоний мен ион мөлшерінің нормадан артқанын көрсеткен.

13 мамырдағы мәліметке сәйкес, су сынамасы норма шегіне оралған. 

«Бүгін бесінші тәулік қатарынан биохимиялық талдаулар өзен суындағы оттегі мөлшері норма шегінде (0,8-1,0 мг/дм3) тұрғанын көрсетті», - деп жазылған «Қазгидромет» мәліметінде.