02 қаз, 2021 сағат 10:50

Нұр-Сұлтандағы "Астықжан" сауда орталығында жиһаз салоны өртеніп жатыр


Нұр-Сұлтандағы "Астықжан" сауда орталығында жиһаз салоны өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алдын ала ақпарат бойынша, 2 қазанда сағат 09:42-де Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Әл-фараби даңғылы, 28 мекенжайы бойынша өрт туралы келіп түскен хабарламаға жоғары шақыру нөмірі бойынша шықты.

Өрт сөндірушілер шақыру орнына 6 минуттан кейін келген соң, "Астықжан" сауда орталығында 3-қабатта жиһаз салоны жанып жатқаны анықталды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Бүгінде елордалық өрт сөндірушілер 76 адам құрамында және 19 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндіру орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды.